Дешам Франция ұлттық құрамасының тізгінінде 150 матч өткізді

24.03.2024, 17:24

Дидье Дешам Франция ұлттық құрамасының тізгінінде 150 матч өткізді. Ол еуропалық құрама бапкері ретінде ең көп ойын өткізген тарихтағы 5 бапкер.

Дешам Франция ұлттық құрамасының тізгінінде 150 матч өткізді

Бапкер бұндай тарихи көрсеткішке Германияға қарсы жолдастық кездесуден кейін жетті (0:2). Дешам 150 ойында Франциямен 97 жеңіс, 29 тең ойын және 24 матчта қарсыластарына есе жіберді. 

Дидье еуропалық құрама бапкері ретінде ең көп ойын өткізген тарихтағы 5 бапкер.

Бірінші орында Германия командасын ұзақ жылдар бойы жаттықтырған Йоахим Лев жайғасқан (198 ойын). 

Франция Дешамның арқасында 2018 жылғы Әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Ұлттар лигасында топ жарды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×