ДЭВИД БЕКХЭМ ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

20.05.2013, 03:04
ДЭВИД БЕКХЭМ ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР
Дэвид Бекхэм в слезах распрощался с футболом. Бекхэм, знаменитости, карьера, футбол. НТВ.Ru: новости, видео, программы телеканала НТВ   Жақында ғана футболдан кеткен ағылшындық футболшы Дэвид Бекхэм жайлы бір үзік сыр «Аламан» оқырманы Нұрсұлтан Дәрментаевтың материалынан оқи аласыз.     Алаң ортасынан соғылған гол Бекхэмнің футболдық ғұмырының енді асқақтап келе жаткан шағы еді. 1995 жылы “ Манчестер Юнайтедтің “ негізгі құрамына енді. Маусым қорытындысы бойынша МЮ өз біріншілігінде топ жарып , ағылшын кубогын иеленді. Ал Бекхэм болса сол маусымда 26 ойын өткізіп 7 гол соқты . Сол кездің өзінде-ақ бұл ойыншының ойынына тәнті болған адамдар өте көп болды.  Бэкхэм керемет пастар беріп, айып соққыларын орындап жүрді. Бекхэм МЮ қатарына тез сіңісіп кетті.  1996-97 маусым енді басталған шақ еді дәл сол маусымда ағылшын футболы тарихындағы ең адемі голдардың бірі соғылды. «Уимблдон» командасымен өтіп жатқан ойын.  »Селхестер Парк» стадионы … Бекхэм алаң ортасынан бағытталған керемет соққы … және гол… Бұл жәй ғана гол емес керемет гол. Гол 60 метр қашықтықтан соғылды. Маусым қорытындысы бойынша Бэкс Англияның ең үздік жас ойыншысына берілер сыйлықты алды.   Гректерге соғылған гол Англия құрамасы Жапония мен Кореядағы әлем біріншілігіне бара алмас еді, егер Бекхэм керемет етіп айып добын бағыттап гол соқпағанда. ӘЧ іріктеу кезеңінің соңғы матч. Англия , Грекияны жеңсе мундиалға барады,  жеңбесе құр қалады. Ойынның соңғы минуттары гректерге айып соққысы белгіленді және Бекхэм шиірлете соққы бағыттап гол соқты . Ойын қорытындысы бойынша ағылшындар ӘЧ-тына тікелей жолдама алды.   Фергюсоннан таяқ жеу 2003 жылғы Англия кубогы жолындағы «Манчестер Юнайтедтің» лондондық «Арсеналдан» жеңілісінен кейін ағылшын басылымдары Алекс Фергюсонның ойын үзлісі кезінде Бекхэмге аяқ киім лақтырғаны жайлы жарыса жазды. Осы оқиғадан кейін бірнеше жыл өткен соң МЮ-дің экс футболшысы Андрей Канчальскис оқиғаның мән жайын айтып берді. “Манчестер Юнайтетде өз заңы бар сол заңды сақтауын қажет. Сол кезде Бекхэмге аяқ киім емес жұдырық бағытталды. Сол «Арсеналмен» болар ойында Бэкс жаттығуға кешігіп келді, ол әрқашан кешігіп жүретін. Бекхэм сол кездері «Арсенал» футболшысы Коулмен дос болатын. Сол матчтан кейін демалыс бөлмесінде Фергюсен мен Бекхэм жанжалдасып қалды» деген еді футболшы   «Реал» сапына ауысу 2003 жылы Дэвид Бекхэм Англияны тастап Испанияда доп тебуді шешті. Сонымен МЮ капитаны 35 млн еуро ақшаға мадридтік «Реал» сапына ауысты. Бэкс «Реалда» 23 нөмірмен ойнады. Мадрид спорт дүкендерінде Бэкстің фамилиясы жазылған жиделер рекордтық сатылымға түсті . Сол кезде « Галактикос « футболшыларынан көп үміт күтілді, бірақ үміт бірден ақталмады . «Реал» сапындағы соңғы жылдарында ғана Бэкс Испания чемпионатын жане Испания Суперкубогін женіп алған болатын.   ПСЖ және футболмен қоштасу 2013 жылдың қысқы трансферінде 37 жасар футболшы күтпеген жерден француздық команда сапын толықтырды.  »Пари Сен Жермен» командасының пресс –конференциясында Бекхэм өзінің алған жалақысын балалар қайырымдылық қорына аударатынын мәлімдеді . Футболшымен париждік клуб арасындағы келісім шарт аяқталар тұста көптеген жанкүйерлер Дэвид командамен келісім шартын ұзартады деп сенді. Бірақ бұл жағдай орын алмады . Дэвид Бекхэм карьерасын аяқтау жайлы шешім қабылдады. “ Мен ПСЖ командасына рахмет айтамын. Бұл команда менің карьерамды сәлде болса жалғастыруға мүмкіндік берді. Мен өзімнің карьерамды аяқтайтын тұс келді деп ойлаймын . Менің жүрегімнен футбол ешқашан сөнбейді.  Менің болашагым алда ” – деді Дэвид Бекхэм.  

НҰРСҰЛТАН ДӘРМЕНТАЕВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×