Дэвид Мавутор мансабын Сирия елінде жалғастырады

Ганалық жартылай қорғаушы "Тишрин" клубымен келісімге келді.

Дэвид Мавутор мансабын Сирия елінде жалғастырады

Дэвид 2025 жылғы маусымды тәжікстандық Худжанд командасында өнер көрсетті. Онда ол барлығы 9 ойын өткізіп, чемпионатты 5 орында аяқтады.

Айта кетейік, Мавутор Қазақстан чемпионатында барлығы 98 кездесуде алаңға шыққан. Жартылай қорғаушы ішкі біріншілікте “Шахтер”, “Тұран”, “Жетісу” және “Ақсу” командаларында доп теуіп қайтты. 

Айтпақшы, Сирияда чемпионат бел ортасына жетті. Мавутордың командасы қазірде 11-тур қорытындысы бойынша 11 ұпаймен 8 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×