Деян Ловрен «Зенит» ойыншысы атанды

28.07.2020, 00:05
«Зенитке» Чемпиондар Лигасында қалай ойнау керектігін көрсетемін дейді.
Деян Ловрен «Зенит» ойыншысы атанды

«Ливерпуль» өзінің ресми сайтында қорғаушы Деян Ловреннің «Зенитке» ауысқанын хабарлады.

«Ливерпульдің» барлық қызметкері Деянға команданың жылдар бойғы қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді және оған жаңа командасында сәттілік тілейді», - деп жазылған хабарламада.

Трансфер құны 12 миллион еуроны құрады.

Ловрен "Ливерпульге" 2014 жылдың жазында "Саутгемптоннан" ауысып келді. Ол кездегі трансфер құны 25,3 миллион еуроны құраған болатын. Маусымның қорытындысы бойынша 31 жастағы Хорватия қорғаушысы Англия Премьер-лигасының 10 матчына қатысты (бірінші құрамда 9), ол 1 голдық пас беріп, 1 сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×