Ди Мария ПСЖ ойыншыларынан жасақталған құрамын жариялады

31.12.2020, 01:13
Бүл тізімге Неймар мен Мбаппе енбепті.
Ди Мария ПСЖ ойыншыларынан жасақталған құрамын жариялады

ПСЖ өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жартылай қорғаушы Анхель Ди Марияның клубтың барлық уақыттағы атақты ойыншыларынан жасаған құрамын жариялады.

32 жастағы аргентиналық футболшы мынадай команда жасақтады: Сальваторе Сиригу - Шеррер Максвелл, Давид Луис, Маурисио Почеттино, Дани Алвес - Нене, Тиаго Мотта, Ди Мария - Роналдиньо, Педро Паулета, Карлос Бьянки.

Осылайша, қазіргі уақытта Париждік клубтың ойыншылары болып табылатын Неймар мен Мбаппе үшін бұл құрамнан орын табылмады. Сондай-ақ Ди Мария жасаған тізімде клубтың атақты шабуылшылары жоқ - Златан Ибрагимович пен Эдинсон Кавани.

Ди Мария ПСЖ сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда ол Франция чемпионатында 12 матч өткізіп, 2 гол соқты. Футболшының клубпен келісімі ағымдағы маусымның соңына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×