Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бүкіл қарызын өз қалтасынан төлеген

04.04.2025, 22:40

«Атырау» президенті Дидар Сыдықбек клубтың екі ай бойы ойыншылар мен персонал алдындағы қарызын толықтай жеке өзінің есебінен өтеп берген.

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бүкіл қарызын өз қалтасынан төлеген

Бұл туралы отандық менеджер танымал ютуб-арнасына берген сұқбатында мәлімдеді. 

«Мемлекеттік клуб үшін бұл ерекше жағдай болуы мүмкін, ал жеке футболда бұл қалыпты құбылыс. Мен облыстық спорт басқармасынан үнемі ақша сұрай берсем, өзгелерден қандай айырмашылығым болады? Бұл менің даму ниетімді көрсетеді, сондықтан өз қаражатымды салу оңай болды», - деді Д. Сыдықбек. 

Айта кетейік,«Атырау» ҚПЛ-2025-тің үш турынан кейін 3 ұпаймен 9-сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×