Қазақстандық медиафутбол жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық — танымал спорт менеджері Дидар Сыдықбек жарты жылдық үзілістен кейін жобаны қайта жандандыратынын мәлімдеді.
Соңғы айларда медиафутбол сахнасы біршама тұралап қалған еді. Дидар Сыдықбектің айтуынша, енді ол бұл қозғалысты қайта көтеріп, медиа-командаларды біріктіруді жоспарлап отыр.
Ол өз парақшасында жазба жариялап, футбол әлеміндегі әріптестеріне үндеу тастады:
“Құрметті медиа-командалар, барсыздар ма? Уәде еткенімдей — сәл тынығып алған соң бәріңізді жинаймын. Сағындым, шын айтам, өзім де доп теуіп, ойнағым келеді. Алты ай өтті — медиафутбол сөніп бара жатқандай. Оралдықтың бауыры, Мәди, кеттік, жандандырайық!” — деп жазды Сыдықбек.