Дидар Сыдықбек «Тараз» жайлы: клубты еурокубокқа шығарғым келеді

03.11.2025, 11:44

Белгілі кәсіпкер, футбол функционері Дидар Сыдықбек «Тараз» клубына қатысты жоспарымен бөлісті.

 

Дидар Сыдықбек «Тараз» жайлы: клубты еурокубокқа шығарғым келеді
Дидар Сыдықбек

«Маған клубты басқару бойынша ұсыныс түсті. Сондай-ақ, Премьер-лигада да нұсқалар бар. Иә, «Тараздың» қарызы көп. Маусым басында шамамен 900 млн теңге болған. Бірақ бұрынғы басшылары 200 миллиондайын жапты. Содан кейін демеушілер тарту арқылы біраз мәселе шешілді. Қазіргі ақпарат бойынша қарызы 392 млн теңгені құрайды. Бұл банкрот болатындай көп сома емес. Инвестиция мен демеушілер арқылы шешуге болады. Қандай өзгеріс болатынын қазір нақты айта алмаймын. Өйткені ресми түрде басшысы емеспін. 1-2 аптада белгілі болып қалар. «Қайрат» пен «Реал» матчы маған үлкен мотивация сыйлады. Сондықтан, тұрақты жерде қызмет етіп, клубты еурокубокқа шығарғым келеді», – деді Д. Сыдықбек «Soqqy Live» арнасына берген сұхбатында. 

Дидар Сыдықбек осыған дейін «Атырауда» қызмет етіп, команда ҚПЛ-де қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×