«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқан командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
25 жастағы Ақтөбе футболының түлегі Дидар Жалмұқан 2014 жылы клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізген болатын. Өткен маусымда ол 22 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Сондай-ақ Дидар мансабында «Астана», «Тобыл» және «Атырау» командаларында өнер көрсетті.
Жалмұқан Қазақстан Премьер-лигасында бас-аяғы 142 матч өткізіп, 19 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET