Дидар Жалмұқан «Ақтөбеге» қайта оралды

28.01.2021, 02:28
Шабуылшы команданың ОЖЖ-на қосылды
Дидар Жалмұқан «Ақтөбеге» қайта оралды

"Астана" клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дидар Жалмұқан Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ақтөбе" командасына қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Дидар "Ақтөбе" клубына қаралымнан өту үшін келді. Ол бұған дейін "Ақтөбе" сапында 60 ойын өткізіп, 11 гол соққан. Шабуылшы сонымен қатар "Астана", "Тобол", "Атырау" секілді клубтарда доп тепті.

Жалмұқан соңғы екі маусымды "Астана" сапында өткізді. Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында Дидар 13 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Шабуылшының "Астана" клубымен келісімшарты аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×