Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Қазақстанға қарсы өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Франция футбол федерациясы:
- Қазақстанмен болатын матчқа дайындалуға бір апта уақыт бар деп шағымданбаймын. Бұл, біріншіден, сенбі немесе жексенбі күні ойнаған барлық ойыншыларды толығымен қалпына келтіруге, екіншіден, бірінші және екінші матчтар арасындағы тығыздықты ескере отырып, қыркүйекте немесе наурызда болмаған жаттығуларды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл барлық жағынан тиімді болды. Біз алға қойған мақсатқа жетуіміз керек: Әлем чемпионатына шығу. Алдымызда тек Қазақстан ғана болатындықтан, біз іріктеу кезеңінен өттік деп ойламауымыз керек. Біз бұл матчқа жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізбен шығуымыз керек.
Біздің серіктес: FONBET