Дидье Дешам: "Жируға тезірек команда ауыстыру керек"

16.12.2019, 03:10
Дидье Дешам: "Жируға тезірек команда ауыстыру керек"

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам "Челси" шабуылшысы Оливье Жирудың ойын деңгейіне байланысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды Goal.

-"Жируға команда ауыстырған дұрыс. Себебі, соңғы 2 айдағы клубтағы жағдайы жақсы деп айта алмаймын. Оливьенің көбірек алаңға шыққанын қалаймын. Дегенмен соңғы сөзді футболшының өзі айта жатар. Қазір қандай ұсыныс түсіп жатқанын білмеймін. Екеуміздің кездеспегенімізге біраз уақыт болды. Айтарым, Франция құрамасына шақыру алғысы келетін кез келген ойыншының өз командасында жеткілікті ойын тәжірибесі болуы керек. Басқа-басқа Жиру бұл талаптан хабардар"- дейді Дешам.

Естеріңізге сала кетейік, Оливье Жиру 2018 жылдың қаңтарынан бастап "Челси" сапында өнер көрсетеді. Келісім-шарты 2020 жылға дейін жарамды. Биыл жалпы 7 ойында бір гол салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×