Дидье Дешам – жылдың үздік жаттықтырушысы

25.09.2018, 16:55
Дидье Дешам – жылдың үздік жаттықтырушысы
ФИФА Лондон қаласында өткен маусымның үздіктерін марапаттады. Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамды үздік деп таныды. 49 жастағы маман Хорватия құрамасының бас бапкері Златко Далич пен отандасы, былтыр «Реалды» жаттықтырған Зинедин Зидан басып озды. Дешамның жаттықтыруымен Франция құрамасы биыл әлем чемпионатында топ жарды. Бұл үшеуінен бөлек, алғашқы ондықта Массимилиано Аллегри («Ювентус»), Эрнесто Вальверде («Барселона»), Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Юрген Клопп («Ливерпуль»), Роберто Мартинес (Бельгия құрамасы), Гарет Саутгейт (Англия құрамасы), Диего Симеоне («Атлетико») бар. Ал әйелдерден «Лион» командасының бас бапкері Рейнальд Педрос жеңімпаз атанды. Ол «Лионмен» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында және Франция чемпионатында бірінші орын алған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×