Дидье Ив Дрогба Тебили 1978 жылы 11 наурызда Абиджан қаласында дүниеге келген. Кот-д Ивуар ұлттық құрамысының капитаны және «Челси» командасының белді шабуылшысы. «Челсиде» доп тепкен шет елдік ойыншылардың арасындағы үздік шабуылшылардың бірі.
5 жасында Францияға ағасының қолына көшіп барады. Ол кезде ағасы Мишель Гоба тәжірибелі футболшы болатын. Бірақ, 3 жылдан кейін ата-анасын сағынған бала Дидье қайтадан өз еліне қайтады. Бала күнінде Дрогбаның анасы оны Югославия президенті Иосип Титоның құрметіне арнап «Тито» деп атайтын. Еліне оралған соң, ол Отанында көп тұрақтай алмайды. Ата-анасы елдегі жұмыссыздыққа байланысты жеп отырған нандарынан айырылып, қайтадан Франциядағы туысқандарының қасына баруға мәжбүр болады. Алғашында Францияның Ванн қаласында тұрып, кейіннен Париж маңындағы Энтони қалашығына тұрақтайды. Сол жердегі жергілікті клубта «Тито» алашқы ойындарын өткізіп жүреді. Алғашында ол оң қапталдағы қорғаушы позициясында ойнап жүреді. Уақыт өте келе ағасының (Мишель Гоба) кеңесімен орталық шабуылшы рөлін атқаруға көшеді. Энтони қалашығындағы клубта жақсы өнер көрсеткеннен кейін, оны жартылайкәсіби клуб-«Левалуаға» шақырту алады. Біраз уақыт өткеннен кейін клуб бапкері Жак Лонкардың көңілінен шықпай қалады. Мектепті жарытып оқымай, әрең тәмәмдаған ержеткен «Көсем» Парижден Ле-Манға көшіп, сондағы колледжде бухгалтер мамандығы бойынша білім алады. Сондай-ақ, «Ле-Ман» жастар клубында өнер көрсетіп жүреді. Алғашқы 2 жылында ол көптеген жарақаттар алып, ауыр жаттығу сындарынан өтеді. Сол кездегі «Ле-Ман» клубының бас бапкері Марк Вестерлопп:« Дрогба күнделікті футбол ойнауды жүйелі түрде үйренуі үшін бақандай 4 жыл кетті. Оның үстіне жанұясындағы ауыр тұрмысқа байланысты ол көбінесе қосымша жұмыс істеді. Тек есейгеннен соң кәсіби футболшыға айналды»-деген екен. 21 жасқа келген «Піл» енді футболға шынымен-ақ ден қоюға ұйғарады. өйткені бұдан кейін оның кәсіби футболшыға айналуы екіталай еді. Оны Дрогбаның өзі де іштей сезетін. Осындай ауыр жаттығулардың нәтижесіен кейін, Дахи Зоко «Ле-Манның» негізгі құрамына енеді. 1999 жылы алғаш рет кәсіби келісім-шартқа отырады. Аталмыш клубтағы бірінші маусымда 30 ойын өткізіп, қарсыластарының қақпасын 7 мәрте мазалайды. Екінші маусымында оның орнын Даниель Кузен басады. Алғашында жарақаты үшін ауыстырылған ойыншы, кейіннен Дидьеден де жақсы ойнап негізгі құрамда маусым аяқталғанша тұрақтап қалады. Келесі маусымда ол қайтадан негізгі құрамнан орын алып, 21 ойын өткізіп, 5 гол салады.
2002 жылы қыста «Генгам» клубы ивуарлықты 80 мың фунт. стерлинге сатып алады. Клубта өткізген алғашқы маусымында 11 рет алаңға шығып, 3-ақ гол ұрады. Дегенмен, маусым аяғында клубтың 1 Лигада сақталып қалуына өз септігін тигізеді. Өзін шебер футболшы ретінде осы клубта кеңінен танытып, «Генгамның» 1 Лигада 7-ші орынмен аяқтауына үлесін қосады. Сол клубта жасындай жарқылдаған тағы да Францияның болашақ жұлдызы Флоран Малуда алаңда «Пілмен» тез тіл табысып, бір-біріне голдық пастар беріп көпшіліктің көңілінен шығатын. Бірақ, мұндай талантты футболшылар ортаңқол яки төмен клубтарда көп тұрақтамайтын. Кез-келген мықты футболшының өмірбаянындағыдай, алғашында төмен клубтарда доп теуіп, кейіннен үлкен топ-клубтарға ауысу-заңдылық. Сол мықты футболшы-Дрогба да марсельдік «Олимпикпен» 4 жылдық келісім-шартқа отырып, 3.3 млн. фунтқа кете барады. Әрине қуана-қуана!
«Марсельдің» бас бапкері Ален Перрен «Титоны» бірден негізгі құрамға алады. Бірінші маусымның өткізген 55 ойынында 32(!) гол салады. «Марсель» сапында ол УЕФА кубогінде өнер көрсетіп, жартылай финалда «Ньюкаслдың» қақпасына екі гол ұрып, командасын финалға деін жеткізеді. Бірақ, финалда «Валенсиядан» жеңіліп қалады. Маусым аяқталған соң, ол Фрунцияның үздік футболшысы атағына ие болады. Ал Чемпиондар Лигасының аясында «Портуға» қарсы өткізген ойында қарсылас команданың бас бапкері ол кездері әлемге әлі таныла қоймаған жас Жозе Моуриньо бір сұхбатында:«Егер де менің клубыма ойыншы керек болса, мен бірінші ретте Дрогбаны өзіме алатын едім»-деп мәлімдейді. Сол жылы маусым аяқталысымен Дрогба Еуропа нарығындағы үлкен аукционға түседі. Көптеген клубтар оны өзіне алғысы келеді. «Челсиге» су жаңа бапкер Моуриньо келісімен «Пілді» өз қосынына алады. 2004 жылдың шілде айында Диьде Дрогба өзінің екінші Отаны Францияны тастап, бақыт кемесіне отырып, лондондық «Челсиге» жүзіп кете барады.
[caption id="" align="alignright" width="279" caption="Лалла Дрогба"][/caption] Дрогба өзінің бір сұхбатында:«Маған салса, жүрек қалауымен мен «Марсельде» қалар едім. Мені «Челсиге» ауысуыма ешкім мәжбүрлеген жоқ. Кейде маңызды келісім-шарттардан бас тартуға болмайды. Бірақ, мені жақын танитын достарым біледі, мен аталмыш клубқа ақша үшін бара жатқан жоқпын. Жозе Моуриьо мені өзінің қосынында көргісі келеді. Оның үстіне Кежман, Муту, Роббен және Макалеле сынды танымал ойыншылардың қасында доп теуіп, жаттығу мен үшін нағыз футболшы болуыма көп септігін тигізеді деп ойлаймын»-деп ағынан жарылды «қара маржан». 2005 жылғы маусымда ивуарлық Англия Суперкубогінде және премьер-лигада маңызды голдар салып, «Челси» сол жылы тұңғыш рет Англия чемпионы атанады. Келесі жылы Дидье тағы да «ақсүйектердің» премьер-лигада бірінші орын алуына көмегін тигізіп, чемпион атанады.Сол жылы ол Кот-д` Иуардың капитаны болып сайланады. Ұлттық құрамада да керемет ойын өрнегімен командасын алға жетелеумен болады. Сөйтіп, Африканың үздік ойыншысы атағына қол жеткізеді. 2007/10 жылдары «Қара маржан» Англия чемпионатында үздік шабуылшы болады. «Аристократтардың» сүйікті әрі тұрақты ойыншысы, Лондондағы мың қыздың арманына айналған «Пілдің» қазіргі таңдағы басты арманы Чемпиондар Лигасының трофейін басына көтеру! Ол мүмкін де.
Қазіргі таңда малий ұлтынан қыз алған Дрогбаның өзінен аумай қалған 3 баласы бар. Қайырымдылық жұмыстарын көп жүргізіп, басқа футболшыларға үлгі болған «Тито» Біріккен Ұлттар Ұйымының «Қайырымдылық» елшісі атанған.
Азамат БАХЫТЖАН
Біздің серіктес: FONBET