Дидье Дрогба Дастан Сәтпаевтың “Челсидегі” болашағы туралы: “Оны жалға бермеу керек”

Бүгін, 12:31

"Челси" аңызы Дидье Дрогба жас шабуылшы Дастан Сәтпаевтың клубта қалып, өзін дәлелдеуі керек деп есептейді. Оның пікірінше, жаттықтырушы Хаби Алонсо Сәтпаевты жалға жіберудің орнына, оған мүмкіндік бергені жөн, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дидье Дрогба Дастан Сәтпаевтың “Челсидегі” болашағы туралы: “Оны жалға бермеу керек”

Дрогба Сәтпаевтың Чемпиондар лигасында "Реал Мадридке" қарсы ойынын жоғары бағалап, оның бойында сирек кездесетін талант барын айтты.

"Мен Сәтпаевтың ойынын мұқият бақылап жүрмін. Оның дамуы үшін "Челсиден” артық клуб жоқ.” — деді ардагер футболшы.

Ол жас ойыншының таланты, сенімділігі мен жеңімпаздық мінезі жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Дрогба Сәтпаевты қазіргі құрамдағы көптеген шабуылшылардан гөрі жан-жақты ойыншы деп санайды.

"Ол ойынды жақсы түсінеді, еңбекқор және гол соғу сәтінде нағыз шеберлік танытады. Мен оны жалға беру туралы естігім де келмейді. Ол осында қалып, жаттықтырушылар штабынан үйреніп, осы ортада өсуі керек.” — деді Дрогба.

Дрогба Хаби Алонсо дұрыс шешім қабылдап, Сәтпаевқа негізгі құрамда орын береді деп үміттенеді, өйткені оның "Челсидің” келесі ұлы шабуылшысы болуға барлық мүмкіндігі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×