Диего Форлан ауыр жарақат алды – Үш қабырғасы сынған

21.10.2025, 11:00

2010 жылғы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы, “Алтын доп” иегері және турнирдің ең үздік сұрмергені атанған Уругвайлық аңыз футболшы Диего Форлан ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Диего Форлан ауыр жарақат алды – Үш қабырғасы сынған

Қазіргі таңда 45 жастағы Форлан 40 жастан асқан ардагерлерге арналған жолдастық турнирге қатысып жүрген болатын. Матч барысында ол ауыр соққы алып, үш қабырғасы сынғаны анықталды. Дәрігерлер оны дереу ауруханаға жеткізген.

Куәгерлердің айтуынша, Диего Форлан ойын кезінде әуедегі допқа таласқанда қатты соқтығысып, жерге құлаған. Сол сәтте ол демін ішіне тартып, ауырсынған күйі ойыннан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта футболшының жағдайы тұрақты, алайда дәрігерлер оған кем дегенде бірнеше апта толық тынығу мен бақылауда болуды ұсынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×