Диего Годин «Атлетикоға» қайта оралуы мүмкін

19.11.2021, 17:46
Футболшы қыста командасын ауыстырғысы келеді.
Диего Годин «Атлетикоға» қайта оралуы мүмкін

"Кальяридің" қорғаушысы Диего Годин қыста "Атлетикоға" оралуы мүмкін, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Дереккөздің хабарлауынша, 35 жастағы уругвайлық қорғаушы кез келген жағдайда испаниялық клубқа ауысуға дайын. Ол үшін ақша басты мәселе емес. Бұл ретте "Атлетико" командасы да футболшының оралуына қарсы емес.

Годин "Атлетико" сапында 2010 жылдан 2019 жылға дейін ойнаған. Жалпы ол мадридтік клуб үшін Испания чемпионатында 250-ден астам матч өткізді.

Осы маусымда Годин "Кальяри" сапында 9 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×