Диего Коста Англияға қайта оралмақ

05.09.2022, 14:57
Испаниялық шабуылшы қаңтар айынан бері клубсыз жүр.
Диего Коста Англияға қайта оралмақ

«Вулверхэмптон» «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Диего Костамен келісім-шартқа отыруы мүмкін. Бұл туралы белгілі инсайдер Дэвид Орнштейн хабарлайды.

«Қасқырларға» жақында ғана қосылған австриялық шабуылшы Саша Калайджичтің команда сапындағы алғашқы матчында («Саутгемптонға» қарсы) тізесінен ауыр жарақат алды. Мексикалық шабуылшы Рауль Хименес де жеңіл жарақат бар. Трансферлік терезе жабылып қалғандықтан, Бруну Лаженің командасы еркін агент статусында жүрген Диего Костаны қатарына қоспақ. Испаниялық форвард жақын арада Англияға келіп, медициналық тексерістен өтеді деп күтілуде.

Жалпы, Диего Коста «Челси» үшін Ағылшын Премьер-лигасында 89 матч өткізіп, 52 гол соққан. Шабуылшы «Атлетико Мадрид» пен «Атлетико Минейро» командаларында да ойнаған. Осы жылдың қаңтарында Коста бразилиялық клубтан кетіп, еркін агент атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×