Диего Коста «Атлетикодан» кетті

29.12.2020, 23:34
Шабуылшыға Қытайдан да ұсыныстар түсіп жатыр
Диего Коста «Атлетикодан» кетті

Мадридтік “Атлетиконың” шабуылшысы Диего Коста клубтан кетті, деп хабарлайды “Атлетиконың” ресми сайты.

Коста мен клуб арасындағы келісімшарт 2021 жылдың 30 маусымына дейін жарамды еді. Бірақ Коста жеке себептеріне байланысты келісімшартты бұзуды өтінген.

“Атлетико” табалдырығын аттағалы бері Коста 215 матчқа қатысып, 83 мәрте қақпа торын тулатып, 36 нәтижелі пас берген. 2013 жылы Испания кубогын ұтып, 2014 жылы Испания чемпионы атанып, екі рет (2012, 2018) Еуропа лигасында жеңіске жеткен. Сонымен қатар УЕФА Суперкубогінің үш дүркін (2010, 2012, 2018) жеңімпазы атанды.

Ғаламтор беттерінде Коста “Арсенал” және “Милан” сынды клубтардың қатарын толықтыруы мүмкін деген де ақпараттар бар.

Диего Ла Лиганың ағымдағы маусымында жеті ойынға қатысып, екі гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×