Диего Коста соққан голын ракпен ауыратын «Атлетико» футболшысына арнады

15.06.2020, 03:11
Футболшы қыздың жазылып кетуін тілейміз!
Диего Коста соққан голын ракпен ауыратын «Атлетико» футболшысына арнады

«Атлетико Мадрид» шабуылшысы Диего Коста «Атлетик Б» қақпасына соққан голын "Атлетико Мадридтің" футболшы қызы Вирджиния Торресильеге арнады.

Кездесудің 37-минутында голды "Атлетик Бильбаоның" шабуылшысы Икер Муниаин соққан болатын. Екі минуттан кейін Диего Коста жартылай қорғаушы Кокенің пасынан кейін есепті теңестірді. Голды атап өту үшін, испандық шабуылшы Вирджиния атты "Атлетико Мадридтің" футболкасын басына көтерді.

«Менде сөз жоқ, сен кереметсің! Сізге шын жүректен рахмет! » - деп жазды футболшы қыз Twitter-дегі парақшасында.

21 мамырда Торресилье оған мидың қатерлі ісігі диагнозы қойылғанын хабарлады. Футболшыға ота сәтті өтті.

Испания чемпионатының 28-турының матчында "Атлетико Мадрид" "Атлетик Бильбаомен" сырт алаңда ойнаған еді. Кездесу Бильбаодағы "Сан-Мамес" стадионында өтті және 1:1 есебімен аяқталды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×