60 жастағы аңызға айналған аргентиналық экс-футболшы, "Химназия мен Эсгрима" клубының бас бапкері Диего Марадона ауруханаға түсті, деп хабарлайды Goal.com.
Оған жақын адамдардан ресми ақпарат әлі келмегенімен, БАҚ-та оның жағдайы алаңдаушылық туғызбайды деген қауесет пайда болды, ал COVID-19-ға тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті. Соңғы рет Диего көпшілік алдында 30 қазанда, жұма күні Марадонаның 60 жылдығына арналған «Патронатомен» болған (3:0) Аргентина чемпионатының бірінші турында көрінді. Ойын алдында оған ескерткіш тақта берілген, бірақ Диегоның денсаулығы нашарлаған соң, ойынды тамашалауға қалған жоқ. Қазір ол Буэнос-Айрестен бір сағаттық жолда, Ла-Платадағы Ипенса клиникасына жатқызылды.
Соңғы жылдары Марадонаның денсаулығында көптеген мәселелер болды. Ол 2019 жылдың қаңтарында ауруханаға жатқызылды. Одан бөлек, 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатындағы Аргентина - Нигерия ойынында есінен танып қалды.
Біздің серіктес: FONBET