Диего Симеоне кезекті рекордын жасады

28.06.2020, 13:48
Тең ойын бойынша рекорд, жеңістер бойынша рекорд - Симеоне осы маусымда екі рекорд жасап үлгерді.
Диего Симеоне кезекті рекордын жасады

«Атлетиконың» бас жаттықтырушысы Диего Симеоне мадридтік клубтың жеңістер саны бойынша жаңа рекордын орнатты.

Симеоне 32-ші турда «Алавес» командасмен болған ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл «матрасшылардың» Ла Лигадағы Диего Симеоненің басқаруымен болған 195-ші жеңісі болды. Осылайша, ол Мадридтің алдыңғы рекордын жасаған Луис Арагонесті ұтты, ол өз есебінде 194 жеңіске жеткен екен.

Коронавирустық пандемияға байланысты болған үлкен үзіліс алдында "Атлетико" Ла Лигада 12 матч тең ойнаған болатын. Ал үзілістен кейінгі «Атлетикпен» тең есеп "Атлетико Мадридтің" осы маусымдағы 13-ші тең ойыны болды. "Матрасшылар" бұл жағынан да клубтық рекорд жасаған еді.

«Атлетико» осы маусымда 58 ұпай жинады және Ла Лига кестесінде 3-ші орында тұр. "Алавес" (35 ұпай) - 15 орында. Ал жарыстың көшбасшысы - "Барселона" (69ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×