Дик Адвокат Қазақстанның басымдығын мойындап, сәттілік тіледі

20.03.2025, 11:40

Қазақстан құрамасы мен Кюрасао арасындағы ойыннан кейін Дик Адвокат Әли Әлиев туралы пікірін білдірді. Бұл туралы SALE футбол телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.

Дик Адвокат Қазақстанның басымдығын мойындап, сәттілік тіледі
Дик Адвокат пен Әли Әлиев

«Дик Адвокат Әли Әлиевке: «Жақсы ойын көрсеттіңіздер. Уэльспен ойында сәттілік тілеймін». Матчтан кейін Кюрасао құрамасының бас бапкері Дик Адвокат Әли Ханалиұлына жылы лебіздерін айтып, ойын үшін алғысын айтты. Дик Адвокат Нұралы Әліптің ойынын мақтады, «Зениттегі» матчын көріп жүрмін дейді. Сондай-ақ голландиялық бапкер алдағы ойынға сәттілік тіледі», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында.

Ұлттық команда Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындарын, үшінші жеңісімен аяқтады. Әли Әлиев жаттықтарын Қазақстан бұл жолы Кюрасао ұлттық командасымен жолдастық кездесу өткізіп, жауапсыз екі доп соқты. Матчың 15-минутында Максим Самородов жеке шеберлігін паш етсе, арада көп уақыт өтпей жатып Асхат Тағыберген айып добын керемет орындап (36-минут) есепті еселеді. Қортынды есеп 2:0. Айта кетейік, Қазақстан осыған дейін ОЖЖ барысында «Зениттің» жастар командасы мен Швецияның Екінші дивизионында өнер көрсететін клубтан басым түскен болатын.

Енді құрама команда бүгін Уэльске сапар шегеді. Онда наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Крейг Белламидің командасына қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң Қазақстан сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×