Әділбек Жұмаханов Марин Томасов туралы: Оны «оқу» мүмкін емес...

04.04.2025, 13:40

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Елімай» футбол клубының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Sport+ телеарнасындағы Pluste Bol бағдарламасының эфирінде «Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов туралы жылы пікір білдірді. 

Әділбек Жұмаханов Марин Томасов туралы: Оны «оқу» мүмкін емес...
Марин Томасов

«Томасовқа қарсы ойнағанда, ол допты сол аяғымен алып келіп, оң жаққа жылдам қимылдайды. Оң аяғымен алып келсе, сол жаққа жылдам қозғалады. Маринді „оқу“ мүмкін емес. Бұл футболшының жеке шеберлігі деп ойлаймын», — деді Жұмаханов.

Марин Томасов елордалық клуб сапында 2017-жылдан бері 8 маусым өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта 174 ойында 75 гол соғып, 7 ассист берген. ҚПЛ-2025-те 3 кездесуде 4 рет мергендік танытып, голдық бір пас шығарды. Футболшы мен «Астананың» келісімшарты жыл соңына дейін жарамды. Марин Томасовтің трансферлік құны 350 мың еуро. 

  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×