Әділбек Жұмаханов: шетелдік чемпионатқа кетуге деген ниетім әлі де бар

03.04.2025, 19:40

Қазақстан ұлттық құрамасы мен  «Елімай» клубының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Sport+ телеарнасындағы Pluste Bol аналитикалық бағдарламасының эфирінде шетелден түскен ұсыныс туралы шындықты айтты.

Әділбек Жұмаханов: шетелдік чемпионатқа кетуге деген ниетім әлі де бар
Әділбек Жұмаханов

«Бельгиядан келген ұсынысқа қатысты айтарым бар. Сол кездегі „Атырау“ футбол клубының бұрынғы басшысы Әлішер Апсалямов маған ұсынысты көрсеткен. Бұл бельгиялық „Кортрейк“ командасының қызығушылы туралы қағаз болды, бірақ келісімшарт емес. Сол кезде бүкіл Қазақстан шулап кеткені есімде. Қазір толыққанды ақпарат беретін кез келді. Бұл нақты ұсыныс болған жоқ, келісімшарт болғанда, мен басқаша шешім қабылдар едім. Менің шетелдік чемпионатқа кетуге деген ниетім әлі де бар», — деді Ә. Жұмаханов. 

Айта кетейік, Әділбек Жұмаханов ҚПЛ-2025-тің үш турында өнер көрсетті. Сондай-ақ, ӘЧ-2026 іріктеу аясында Уэльс пен Лихтенштейн құрамаларына қарсы өнер көрсететін футболшылар тізіміне енді алайда екі ойынға да қатысқан жоқ. Футболшы мен семейлік клуб келісімшарты келесі жылдың аяғына дейін жарамды. 22-жасар қорғаушының нарықтық бағасы 350 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×