Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы өнеріне баға берді.
"Ұлттар Лигасындағы қай дивизионда доп тебетінімізді жақсы түсінеміз. Сонымен қатар, ӘЧ-2026-ға іріктеу турнирінің қарсаңында өз күшімізді бағамдау маңызды болатын. Енді осал тұстарымызды анықтай түстік, әсіресе, Черчесов өзіне пайдалы дүниелерді түртіп алды. Бас бапкер команданың әлсіз-мықты тұстарын байқап, тиісті қортындылар жасайды. Кәсіби-басқару тұрғысынан айтқанда мен үшін де бас бапкердің осындай тәжірибе алғаны маңызды еді. Амбициясы жоғары ер-азамат ретінде барлығымыз да жеңіске жеткіміз келеді, ал ұтылу ешкімге де қызық емес. Сондықтан, кәсіби көзқарас тұрғысынан өткенді дұрыс бағамдайтын жағдай орын алды деп есептеймін. Сондай-ақ, біздің қарымта ойында Словенияны ұтатынымызды қоса кеткім келеді», - деді Әділет Назарбайұлы.
Естеріңізде болса Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алғашқы екі турында 1 ұпай жинап, Словения, Норвегия, Аустриядан кейін соңғы төртінші орынға түсіп қалды. Станислав Черчесов жаттықтыратын команда бірінші турда Норвегиямен тең ойнап (0:0), сырт алаңда Словениядан ұтылды (3:0).
Біздің серіктес: FONBET