Әділет Бәрменқұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған

03.04.2025, 14:54

Айта кетейік, осыған дейін ҚФФ-ның бұрынғы басшысы қылмыстық іс бойынша күдікке ілінгені айтылған болатын.

Әділет Бәрменқұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған
Әділет Бәрменқұлов

Алайда соңғы ақпаратқа сай, жағдай сәл басқаша екен. Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшысы Әділет Бәрменқұлов қылмыстық іс бойынша күдікке алынбаған.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, қылмыстық іс Қазақстан футбол федерациясына қатысты қозғалған. Алайда, ол тергеу құпиялығына сілтеме жасап, басқа мәліметтерді жариялаудан бас тартты. Ал Бәрменқұлов бұл іс бойынша күдікті емес екен. 

Естеріңізде болса, еліміздің бас прокуратурасы Қазақстан футбол федерациясы мен клубтарға жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықтаған еді.

Негізгі заң бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым нысандарын салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру оқиғалары тіркелгені айтылды.

Қазір аталған істі тергеп-тексеру жұмыстарын ҚМА жүргізіп жатқанын қоса кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×