Бүгін Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) экс-президенті Әділет Барменқұловтың туған күні. Осы орайда Aladop.kz сайты экс-басшының тұсындағы жетістіктерді еске түсіруді жөн көрді.
Қалай басталды?
2022 жылғы Қазақстан футбол федерациясының президентінің есімі соңғы сәтке дейін белгісіз болып, сайлау өте шиеленісті өтті. Нәтижесінде Әділет Барменқұлов 14 дауыспен жеңіске жетсе, Берік Қаниев 11 дауыспен екінші орынға тұрақтады.
Қандай жетістіктер тіркелді?
Президенттің ұлттық құрамаға бас бапкер ретінде көпшілікке белгісіз ресейлік маман Магомед Адиевті тағайындауына көпшілік бастапқыда күмәнмен қарап, наразылықтарын білдірді.
Бірақ…
2022 жылы Ұлттар лигасының С дивизионында Қазақстан құрамасы Әзербайжан, Словакия, Беларусьпен бір топқа түсіп, күтпеген жерден 1-орын алды. Нәтижесінде В дивизионына көтерілді.
2023 жылы ЕУРО-2024 турнирінің іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең жоғары 18 ұпай жинап, соңғы турға дейін финалдық кезеңге өту мүмкіндігін сақтады.
Қазақстан мен Сан-Марино арасыгда өткен ойынды Astana Arena стадионында 30 019 адам тамашалап, жаңа рекордты тіркеді.
Бұқаралық футбол мен әйелдер лигасы
Еліміздегі футбол алаңдарын италиялық заманауи төсенішпен қамтамасыз ету мақсатында «ALAN» жобасы іске қосылып, Аягөз, Ақсу, Атбасар және т.б кішігірім қалаларда балалар денсаулықтарына зақымсыз алаңда доп тебуге мүмкіндік алды.
Әділет Барменқұловтың тұсында Қазақстан Премьер-лигасының әрбір клубына әйелдер командасы болуға міндеттеу туралы өзгеріс енгізілді. 2024 жылы әйелдер лигасында 5 қана команда ойнаса, 2025 жылы рекордтық 14 команданы құрады.
Алғаш рет ел тарихында Бірінші лига мен Екінші лига ойындары комментатор және тікелей эфирде көрсетілі мүмкін болды.
Станислав Черчесовтың тұсындағы нәтиже көңілді көншітпесе де, оның орнын алмастырған Әли Әлиев міндетін толыққанды орындай алмай, 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін соңына дейін жеткізбей, қызметінен кетті.
2,5 жылдай қызмет істеген уақытта кәрі құрлықтың басты додасына шығу мүмкін екендігін дәлелдей алған Әділет Барменқұловтың жетістігі жақын арада жаңартыла ма екен?