Әділет Мұқышев: «KaspiNET» командасы регламентті сақтамады

08.10.2025, 15:04

Талдықорған қаласында өтіп жатқан әуесқой футбол лигасының финалдық кезеңінде «KaspiNET» (Шымкент қ.) командасы ширек финалда «JelaevNAN» (БҚО) ұжымын жеңгенімен, регламентті бұзғанына байланысты жарыстан шығарылған еді. Осы орайда «Қазақстан әуесқой лигасы» жобасының жетекшісі Әділет Мұқышев өз уәжін айтты.

Әділет Мұқышев: «KaspiNET» командасы регламентті сақтамады

«Менің басты міндетім – әуесқой футболға деген қызығушылықты арттыру. Бір жылдың ішінде біз барлық 20 өңірде турнир ұйымдастырып, 277 команданың басын біріктірдік. Ол жерде 6 мыңнан астам әуесқой футболшы қатысты. Қызығушылық одан сайын артып жатыр. Осы жерде жобаның жүйесі жайлы толыққанды түсінулеріңізді сұраймын. Жақсы қырынан қарағанда, жаман жағы халыққа тез таралып кетеді. Осы жағын ескерсеңіздер.  «KaspiNET» командасына келетін болсақ. Олар спорттық және физикалық жағынан өте жоғары дайындықта екендігін көрсете білді. Команда кәсіби мансабын енді ғана аяқтаған футболшылармен жақсы нәтиже тіркеді. Осы орайда KFF CONNECT платформасына команданы жіберген жергілікті футбол федерациясы екендігін айтқым келеді. Бірінші матчта «KaspiNET» хаттаманы дұрыс толтырмағаны үшін, техникалық жеңіліс алды. Оған бірінші кезекте команданың басшысы жауапты. «KaspiNET-тың» әр ойыны сайын қарсыластар тарапынан шағым түсіп отырды. Ширек финалда да «KaspiNET-тың» бір ойыншысы қосымша тексерісті талап етті. Ал оның статусы «KaspiNET» командасында тіркелмегені белгілі болды. Осы орайда біз шымкенттік ұжымға техникалық жеңіліс бердік. Ал жарыстың регламенті мамыр айында жарыққа шыққан еді. Одан бері барлық қатысушыларға регламентпен танысуға уақыт берілді», - деді «Қазақстан әуесқой лигасының» жобасының жетекшісі Әділет Мұқышев.

Анықтама: KFF CONNECT – клуб және футболшылардың статусын анықтайтын платформа

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×