Димаш Серікұлы “Қайсарда” қала бермек

19 жастағы вингер Қызылорда командасымен екі жылдық келісім шартқа отырды.

Димаш Серікұлы “Қайсарда” қала бермек

“Тараз” ФК түлегі Қайсар ұжымына өткен маусымның жартысында еркін агент ретінде қосылған болатын. Содан вингер Виктор Кумыков баптаған командада 4 матч өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді.

Айта кетейік, 2023 жылы Димаш QJ League турнирі қорытындысы бойынша үздік ойыншы атанып, үлкен футболға қадам басқан еді. Сол жылы тіпті ол Кипрдегі “Красава” клубынан қаралымнан өтіп, тәжірибе жинақтап келді.

Бұған дейін, Исламғали Қозбақов басқаратын ұжым Әділет Кеңесбек пен Өркен Ағзамбаевтың келісімдерін ұзартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайсар ФК
Aladop Youtube
×