Мәскеулік ұжым Украина әскерінің шабуылы кесірінен Петерборға қонуына мәжбүр болды.
Ол жақта ұшаққа жанармаймен қамтамасыз етіліп, Мәскеуге қайта жіберілді. Нәтижесінде Дубайдан Ресей астанасына 6 сағатта жетуі тиіс команда 12 сағатта өз үйіне әрең жетті.
Еске салсақ, Бахтиер Зайнутдинов жарақаты бола тұра “Динамомен” БАӘ оқу-жаттығу жиындарына аттанған болатын. Алайда отандасымыз қытайлық және ресейдің ЦСКА мен "Краснодарына" қарсы кездесулерінен шет қалды.
Көк-ақ жейделі ұжым Ресей Премьер-Лигасындағы 19-тур кездесуін 1 наурыз күні өткізеді. Қарсылас - Магомед Адиев баптайтын “Крылья Советов”. Одан кейін Ролан Гусев шәкірттері Ресей Кубогынде “Спартакпен” кім мықтыны анықтайды.