Дінмұхаммед Қараман “Ақтөбе” сапына ауысуы мүмкін

“Жеңіс” ойыншысы жаңа маусым алдында ақ-қызылдар жейдесін киеді деген ақпарат бар.

Дінмұхаммед Қараман “Ақтөбе” сапына ауысуы мүмкін

25 жастағы шабуылшы “Жеңіс” командасында осы маусымның басынан бері өнер көрсетіп келеді. Жалпы Қараман елорда ұжымы сапында барлығы 27 матч өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді. 

“Жеңістен” бөлек, Дінмұхаммед талдықорғандық “Жетісу”, палодарлық “Ақсу” және “Тараз” ұжымдарында өнер көрсетті. 

Қазақстан құрамасына осы жылы шақырту алып, Бельгиямен матчта дебют жасаған Қараман, кешегі Солтүстік Македониямен болған кездесуде гол соғып, ұлттық командамыздағы ең алғашқы нәтижесін тіркеген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×