Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дінмұхаммед Қараман Солтүстік Македониямен өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын (1:1) қорытындылап, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы туралы пікір білдірді.
Скопьеде өткен кездесу тең нәтижемен аяқталды, ал Қараман бұл ойында Қазақстан құрамасы үшінгі дебюттік голын соқты
“Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Бұл — мен үшін үлкен мақтаныш. Ұлттық команда жейдесін киюдің өзі ерекше сезім. Маған сенім білдірген бас бапкерге және бізді қолдаған барлық жанкүйерге алғыс айтамын.” — деді футболшы ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Қараман сондай-ақ матч кезіндегі көңіл күйі мен гол соғу сәтін де сипаттап өтті:
“Әрине, толқу болды. Бірақ тәжірибелі ойыншылар — Зайнутдинов пен Қуат — маған ақыл-кеңестерін айтып, қолдау көрсетті. Солардың арқасында өзімді сенімдірек сезіндім. Гол соғу сәті қалай туды? Доп маған келгенде қақпаға арқаммен тұрдым. Сол сәтте ойлануға уақыт болмады, тәуекел етуге шешім қабылдадым.” — деп еске алды ол.