"Жетісу" командасының қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкеннің "Қайратқа" ауысуы не себепті жүзеге аспай қалғаны анықталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қашкен 2024 жылдың желтоқсанында алғашқы жаттығуды "Астанамен” өткізіп, кейіннен "Қайраттың" жиынына қосылған және бас бапкер оның командада қалуына қарсы болмаған, тіпті оны құрамда көргісі келген екен.
"Бәрі жақсы басталған еді. Бас бапкер менің қалуымды қалады. Алайда клуб басшылығымен келісімге келе алмадық. Өзім қатты қаламадым деуге болмайды — керісінше, қалғым келді. Алматыда ойнау өте қолайлы, отбасым қасымда, жағдай жасалған, туған қалада өнер көрсету әр футболшыға ерекше сезім береді." — деді ол ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.