Диогу Жота апат кезінде көлік тізгінінде өзі отырған

09.07.2025, 14:00

"Ливерпуль" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силваның қаза болуына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелері жарияланды.

Диогу Жота апат кезінде көлік тізгінінде өзі отырған

Қос футболшы 3 шілдеге қараған түні Испанияның Самора провинциясындағы Паласьос-де-Санабрия  маңында болған жол апатынан көз жұмған болатын.

SCMP.com сайтының хабарлауынша, апат болған сәтте көлік тізгіні Диогу Жотаның қолында болған. Жылдамдық шектен тым асқан. Қазіргі уақытта сараптамалық қорытынды әлі толық аяқталған жоқ, дөңгелек іздеріне қатысты зерттеу жүргізілуде. Бұған дейін апаттың басты себебі көліктің дөңгелегінің жарылуы болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×