“Зениттің” бұрынғы ойыншысы Андрей Николаев 2025/2026 жылғы маусымның екінші бөлігінде Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің негізгі құрамдағы орны туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Николаевтың пайымдауынша, Қазақстандық қорғаушының Питерлік клубтың негізгі құрамында тұрақты ойнауы тікелей оның бәсекелестерінің бабына байланысты болмақ. Әсіресе, Ресейлік қорғаушы Игорь Дивеевтің жағдайы Әліптің алаңға шығу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.
“Нұралы Әліп “Зениттің” негізгі құрамындағы деңгейді көтере ала ма? Егер Игорь Дивеев бабына келіп, өз формасын толық жинаса, алаңға сол шығады.” — деді Николаев Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Қазіргі уақытта Нұралы Әліп үшін Ресей чемпионатының екінші айналымы үлкен сынақ болмақ. Бапкерлер штабы кімге сенім артатыны әлі де белгісіз, бірақ сарапшылардың пікірі қорғаныс шебіндегі бәсекелестіктің өте жоғары екенін аңғартады.