Дмитрий Бивол: “Нұралы Әліп бокста үлкен жетістікке жете алар еді“

Бүгін, 14:50

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Бивол рингте бағын сынаса, жақсы нәтиже көрсете алуы мүмкін футболшыны атады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Дмитрий Бивол: “Нұралы Әліп бокста үлкен жетістікке жете алар еді“

Биволдың таңдауы "Зенит” клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке түсті.

Championat.com басылымына берген сұхбатында боксшы былай деді:

"Зенитте" Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп бар. Ол бокс қолғабын киіп, рингке шығып көруге ниет білдірген көрінеді. Меніңше, оның бокста өзін сынап көруге және жақсы мүмкіндіктерге ие болуға әлеуеті жетеді.” 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×