"Оқжетпестің" Беларусьтік жартылай қорғаушысы Дмитрий Бородин Қазақстан мен Беларусь чемпионатының деңгейін салыстырып, өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бородиннің пайымдауынша, Қазақстан Премьер лигасы көршілес елдің біріншілігінен бір саты жоғары тұр. Ол мұның басты себебін клубтардың қаржылық жағдайымен байланыстырады.
"Деңгейдің бір маусым ішінде қаншалықты өзгергенін айту қиын. Бірақ Беларусьпен салыстырсақ, Қазақстандағы жағдай түсінікті, қаржылық мүмкіндіктер мен сапалы легионерлердің арқасында мұнда футбол деңгейі жоғарырақ." — дейді футболшы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.