Дмитрий Огай Бірінші лига клубын тізгіндеуі мүмкін

17.12.2021, 03:01
Қазақстандық маман өткен маусымды жұмыссыз өткізді.
Дмитрий Огай Бірінші лига клубын тізгіндеуі мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық бапкер Дмитрий Огай қайтадан «Қайсарды» баптауы мүмкін.

Бұған дейін бұл лауазымға Сұлтан Әбілдаев басты үміткер ретінде қарастырылған еді.

Жақын арада қызылордалық клубқа жаңа директор мен бас бапкер тағайындалады деп күтілуде.

Огайдың өзі «Қайсарда» жұмыс істеуге қарсы емес. Тәжірибелі маман 2021 жылғы маусымды жұмыссыз өткізді. Дмитрий Огайдың соңғы рет «Жетісу» клубын жаттықтырып, 2020 жылдың соңында қызметінен кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×