Дмитрий Огай: “Олардың деңгейі бізден әлдеқайда жоғары”

09.09.2025, 10:50

Қазақстандық маман Дмитрий Огай 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін Ұлттық құраманың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Дмитрий Огай: “Олардың деңгейі бізден әлдеқайда жоғары”

Маман Қазақстан футболшыларының шеберлік деңгейін Уэльс құрамасымен салыстыра отырып, айырмашылық бар екенін атап өтті:

"Қарап отырсақ, Уэльс ойыншыларының жалпы шеберлік деңгейі Қазақстаннан жоғары. Бірақ олардың бір бөлігі маусымның жаңа басталғанына байланысты бабында болмады. Мұны тіпті Уэльс бапкері Крейг Беллами де айтты. Ал шындыққа келсек, Қазақстан құрамасының Уэльс немесе Бельгиямен тең дәрежеде ойнауы қиын.” – деді Огай.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің J тобында 3 ұпаймен, төртінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×