Дмитрий Шомко: «Алға жылжитын уақыт келді»

13.01.2021, 02:19
Шомко ресми түрде елордалық клубтан кетті.
Дмитрий Шомко: «Алға жылжитын уақыт келді»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко өзінің мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастыру туралы шешім қабылдап, "Астанадан" кетті. 30 жастағы қорғаушы елордалық командадан кеткеннен кейінгі пікірімен бөлісті:

- Мен үшін "Астана" футбол клубының тарихына ену үлкен мақтаныш. Осы клубпен керемет жеңістерге жеттім, голдар соқтым, еурокубокта өнер көрсеттім. Мен барлық жанкүйерлерге және клубқа осы жылдар ішінде қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысымды айтамын.

Бірақ алға жылжитын уақыт келді. Ресей чемпионатына ауысу - бұл әлем чемпионатына арнап салынған керемет стадиондарда ойнау мүмкіндігі, және, әрине, бұл мен үшін жаңа сынақ, өз күшімді басқа деңгейде сынап көру мүмкіндігі.

Мен "Астананың" ішкі және еуропалық аренадағы позицияларын қалпына келтіруіне тілектеспін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×