Dobrodošli Miloš

21.01.2023, 23:14
Dobrodošli Miloš


Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері "Ақтөбе" Милош Раиковичпен келісімге келіпті.

29 жастағы жартылай қорғаушы өз мансабында соңғы рет "Соннам" командасында өнер көрсеткен болатын. Бірақ, оңтүстік кореялық ұжым өткен маусым қорытындысы бойынша чемпионаттан ұшып кеткен еді. Футболшы "Ақтөбемен" Антальяда 1 жылға келісімге келген екен.

Милош Раикович Черногория ұлттық құрамасы үшін жалпы алғанда 14 ойын өткізіп үлгеріпті. Трансфермаркет футболшыны 350 мың еуроға бағалауда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×