Доминик Собослаи «РБ Лейпциг» ойыншысы атанды

18.12.2020, 02:35
Футболшы командамен бес жылдық келісімшартқа отырды.
Доминик Собослаи «РБ Лейпциг» ойыншысы атанды

"Ред Булл Зальцбург" клубы мен Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи "РБ Лейпцигке" ауысты.

Неміс клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 жастағы футболшы "РБ Лейпцигпен" 2025 жылға дейін келісімшартқа отырған. Собослаи жаңа командада 17-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Доминик "РБ Зальцбургтен" "РБ Лейпцигке" ауысқан жетінші ойыншы болды. Бұрын бұл жолмен Дайо Упамекано, Хван Хи Чхан, Петер Гулачи, Конрад Лаймер, Амаду Айдара, Марсель Забитцер жүрген еді.

Осы маусымда Венгрия құрамасының ойыншысы Австрия чемпионатында 11 кездесуге қатысып, 4 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×