Доминик Собослаи “РБ Лейпцигке” ауысады

12.12.2020, 00:16
Венгриялық жартылай қорғаушы мадридтік “Реал” мен мюнхендік “Баварияны” емес “Лейпцигті” таңдады.
Доминик Собослаи “РБ Лейпцигке” ауысады

“РБ Зальцбургтың” 20 жасар жартылай қорғаушысы қысқы трансферлік терезеде “РБ Лейпцигке” ауысады, деп хабарлайды Sky Sports.

“Ред Буллдың” спорттық директоры Кристоф Фройнд осы аптаның ішінде Лейпцигке барып, Собослаидың трансфері жөнінде сөйлесіп қайтыпты.

Ауысым жөнінде екі жақ ресми түрде 25 желтоқсанға дейін хабарлауды жоспарлап отыр. Трансфер құны 25 миллион еуро шамасында болмақ.

Бұдан бөлек Доминиктің агентімен “Арсенал”, “Реал Мадрид” һәм “Баварияның” өкілдері сөйлескен. Бірақ Собослаи мансабының дамуына “РБ Лейпциг” ең тиімді нұсқа деп санайды. Сонымен қатар Юлиан Нагельсманмен де бірге жұмыс істегісі келеді екен.

Собослаи “РБ Зальцбург” үшін ағымдағы маусымда 19 ойын өткізіп, 8 гол соғып, 9 мәрте голдық пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×