
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Ағылшын Премьер лигасының командалары жайлы 2018 жылы Пирс Морганға берген сұхбатында білдірген.
Ол футболға аса құмар болмаса да, белгілі бір клубқа жақындығы бар екенін айтты.
Сұхбат барысында Пирс Морган Трампқа “Trump 45” деп жазылған “Арсенал” жейдесін сыйға тартқан болатын.
Трамп бұл сыйды алғанда:
— “Бұл өте әдемі, менің ұлым осы спортты жақсы көреді”, – деді.
Пирс Морган:
— “Ол “Арсеналды” жақсы көре ме? Сіз де “Арсенал” жанкүйері шығарсыз?”– деп сұрады.
Трамп:
— “Жоқ олай емес, бірақ менің досым Манчестер Юнайтед клубының иесі”, – деп жауап берді.
Трамптың “Манчестер Юнайтед” жайлы айтқаны оның марқұм Малкольм Глейзердің ұлы Эдвард Глейзермен достығына байланысты. Глейзер отбасы 2023 жылы “Манчестер Юнайтедтегі” 68 пайыздық үлесінің 25 пайызын британдық миллиардер Джим Рэтклиффке сатқан болатын.
Өнен Айболат
Біздің серіктес: FONBET