АҚШ президенті Дональд Трамп Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық матчына қатысады. Финал жексенбі күні Ист-Ратерфорд қаласында өтеді. Бұл туралы ESPN телеарнасы Ақ үйдегі үкімет отырысында Трамптың өзі мәлімдегенін хабарлады.
ФИФА президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Клубтар арасындағы әлем чемпионатын және келесі жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыру барысында АҚШ үкіметі мен Ақ үйдің жұмыс тобы тарапынан үлкен қолдау көрсетілген.
Айта кетейік, Дональд Трамп өзінің екінші президенттік мерзімінде спортқа ерекше көңіл бөлуде. Ол ақпан айында Супербоул финалына қатысқан алғашқы қызметтегі президент болды. Ал мамыр айында 2027 жылы NFL драфты Вашингтонда өтетінін жариялады.