Еуропадағы трансферлік терезенің соңғы сағаттары шын мәнінде қарбаласқа толы болуда. Премьер лигада да тосын жаңалықтар толастар емес. "Манчестер Сити" қақпашысы Эдерсонның кетуі клубқа "ПСЖ"-ның голкипері Джанлуиджи Доннарумманы әкелуге жол ашты.
Италиялық қақпашы дүйсенбі күні Манчестерге келіп, медициналық тексерістен өтіп, "Ситимен" ресми келісімшартқа қол қояды деп күтілуде.
Эдерсонның жаңа клубы да анықталды. Ол Түркияға қоныс аударады, бірақ бастапқыда айтылған "Галатасарайға” емес, "Фенербахчеге” ауысады. Бұл шешім Доннарумманың "Этихадтағы” келешегін ресми түрде ашып берді.
Айта кетейік, Доннарумманың Парижден кетуі де кездейсоқ емес. ПСЖ жазда Лукас Шевальені сатып алып, Лига басталғалы негізгі қақпашы ретінде сенімді ойын өткізуде. Ал бұл жағдай бұрынғы номер 1-ші қақпашыны жаңа клуб іздеуге итермеледі.