Донни ван де Бек мансабын Фрэнк Лэмпардтың командасында жалғастырмақ

30.01.2022, 21:31
Футболшыға «Кристал Пэластан» да ұсыныс түсті.
Донни ван де Бек мансабын Фрэнк Лэмпардтың командасында жалғастырмақ

Ағылшын Премьер-лигасында бақ сынайтын «Эвертон» және «Манчестер Юнайтед» футбол клубтары жартылай қорғаушы Донни ван де Бекті жалға алу туралы келісімге келді.

«Эвертон» манчестерлік клубпен Донни ван де Бекті жалға алу және футболшының жалақысын маусым айына дейін төлеу туралы мәміле жасасты. Ойыншы «Эвертон» мен «Кристал Пэлас» арасында таңдау жасауы қажет. Ван де Бек болашағына қатысты шешімді жақын арада қабылдайды», - деп жазды журналист Фабрицио Романо.

Ван де Бекке «Эвертонның» жаңа бас бапкері Фрэнк Лэмпард қызығушылық танытқан екен.

Ван де Бек осы маусымда «Манчестер Юнайтед» үшін 14 ойынға қатысып, бір ғана гол соқты. Жартылай қорғаушы англиялық клуб сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×