Донни ван де Бек мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

15.01.2021, 03:13
«Интер» «Манчестер Юнайтедтен» ойыншы алуды кәсіпке айналдырды.
Донни ван де Бек мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Донни ван де Бек "Интерге" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды FC Inter News.

Дереккөздің хабарлауынша, италиялық клуб футболшыға қызығушылық танытып, оны маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Сонымен қатар "Интер" басшылығы "Манчестер Юнайтедпен" ойыншыны жалға алу мәселесі бойынша байланысып үлгерді, бірақ "қызыл сойқандар" осы маусымның басында командаға қосылған ойыншыны жіберуден бас тартты.

Осы маусымда жартылай қорғаушы Премьер-Лиганың 10 матчына қатысып, бір гол соқты. Ол көбінесе алаңға қосалқы құрамнан шығып, алаңда өте аз уақыт өткізді.

Еске салайық, "Интер" сапында "Манчестер Юнайтедтің" намысын қорғаған ойыншылардың тұтас тобы бар: Ромелу Лукаку, Алексис Санчес және Эшли Янг.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×