Санкт-Петербургте өтіп жатқан Достастық Кубогында Қазақстанның жастар құрамасы төрттен бір финалда сүрініп, жарыстан тайды.
Слободан Крчмаревичтың шәкірттері Беларусия құрамасынан 2:3 есебіме жеңілді. Отандастарымыз матчтың алғашқы минуттарынан басымдылыққа ие болған. Сергей Хижниченко шапшаң қыймылдарымен беларустарды әбігерсе салды.
Крчмаревичтың командасы шабуылға бар күшін салды. Беларустар да әлсін-ілсін қарымта қайтарып тұрды. Бірақ қарсыластардың шабуылы Антон Сароканың алыстан бағыттаған соққыларымен шектеліп тұрды.
Есеп алғашқы тайм аяталарда ашылды. Қазақстандықтардың жылдам шабуылын Бауржан Джолчиев сәтті аяқтады. Беларустар екінші басталысымен алға ұмтылды. Қарсыластарға қолғанат болған төрешілердің күмәнді әрекеттерін айтып өтпеу мүмкін емес. Қазылар Қазақстан құрамасына пенальти тағайындайды. Антон Сарока мүмкіндігін пайдаланып кетті. 1:1. Қазылар он бір ойыншымыздың екеуін алаңнан қуып, беларустардың «жүгін» жеңілдетеді.
Он минуттан кейін Сарока дубль жасап командасын алға шығарады. Тағыда он минуттан кейін қақпамызға 3-і гол кіреді. Авторы Артем Теплов. Соңғы ысқырыққа дейін екі минут қаларда Евгения Горячидің тырысуымен есеп қысқарады. 2:3. Осы нәтиже ойын соңына дейін өзгеріссіз күйі қалды.
Қазақ футболшыларының аяғына доп тисе қарсы жел бетке ұрып қасарысып шыға келетін әдеті бар емес пе…
Олжас НҰРАЗХАН